ЖаңалықтарШоу бизнес

«Әкем бандада болған»: Танымал актриса отбасы жайлы шындықты айтты

Театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Лейло Бекназар «Өмір өрнегі» бағдарламасында ата-анасы жайлы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы khabartv-ке сілтеме жасап.

Актрисаның айтуынша, әкесі 1905 жылы, ал анасы 1924 жылы дүниеге келген.

«Әкем Совет үкіметі орнаған кезде өзінің елін, жерін қорғаймын деп банда тобына еніп кеткен. Содан кейін бүкіл ауылды ертіп, Қытай жаққа кетіп бара жатқан кезде оларды қайтарып жіберген. Артынан әкем банда құрған. Өмірбақи түрмеде болды», — деп еске алды ол.

Актриса әкесінің ату жазасынан қалай аман қалғанын да айтып берді.

«Менің әкем тірі қалған себебі: Қызыл әскерді қоршауға алып, ұстап, атуға алып барады. Сонда әкем бір жап-жас жігітті көреді де ар жаққа әкетіп, «сен кет, саған тимеймін, сенің өмірің алда» деп қуып жібереді. Кейін әкем қолға түсіп қалады. Ату жазасына кеседі. Сол кезде тергеуші әкем құтқарған жігіт болып шығады. Ол ату жазасының орнына 17 жылға қамауға алады», — деді ол.

 

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button