Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тоқаев Сиднейдегі жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптады

Мемлекет басшысы Аустралия премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президент Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді», — делінген мәлімдемеде.

Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсан күні екі ер адам Сидней жағажайында оқ жаудырған болатын.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қаза тапқандар саны 16 адамға дейін жетті.

Ханука мерекесінің бірінші күнін тойлау үшін адамдар жағажайда жиналған. Мерекеге арналған шара ойын алаңының жанында жоспарланған деп хабарланған.

Күдіктілердің бірі өлтірілді, ал екіншісі ұсталды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button