Әлеуметтік желілерде тараған видеода мектеп директоры оқушының ұялы телефонын тартып алып, оны даладағы тақтаға шегелеп қойғаны көрінеді. Видео авторларының айтуынша, оқиға Өзбекстанда болған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі repost.uz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми органдар тарапынан да бұл жағдайға қатысты ақпарат немесе растау жарияланбаған.
Соған қарамастан, видеоны көрген желі қолданушыларының бір бөлігі директордың әрекетін қолдап, оны тәртіп орнатудың қатаң, бірақ тиімді әдісі деп бағалаған. Ал кейбірі мұндай әрекет педагогикалық және құқықтық нормаларға сай емес екенін айтып, сынға алды.



