Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желіде айтқан сөзімен жұрт назарын аударды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі syrmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол қыста көлік жүргізбейтінін, сол себепті қысқы дөңгелек ауыстырмайтынын айтып, «қорқамын» деп мәлімдеген болатын.
Алайда араға бір күн салып, көлік тізгінінде түскен видеода қайта көрінді. Желі қолданушыларының айтуынша, Самат Нұртаза «қай көлікпен жүретінін ұмытып қалған СҚО әкімнен үлгі алып жатқандай» әсер қалдырған.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кейбір қолданушылар шенеуніктердің мәлімдемелері мен іс-әрекеттері бір-біріне сәйкес келмейтінін, алдайтынын сынға алды.



