Әлем жаңалықтары

Дональд Трамп BBC корпорациясынан 1-5 млрд доллар талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп Британдық BBC корпорациясына қарсы 1-5 миллиард доллар көлемінде талап арыз берді, деп жазады qandastar.kz сайты «Адырна» порталына сілтеме жасап.

Дональд Трамп корпорацияны өзінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы сөзін «Panorama» бағдарламасында бұрмалау мен манипуляция жасағаны үшін сотқа беретінін хабарлаған еді.

BBC редакциясы арыздың 2025 жылғы 15 желтоқсанда Флорида штатының сотына түскенін растап, ақпарат таратты.

Трамптың адвокаттары корпорацияны коммерциялық құқық нормаларын бұзды деп айыптап, «қасақана, зиянкестік пен адастыратын редактура» жасағанын алға тартады.

BBC басшылығы әзірге арыз бойынша ресми түрде түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, мәселе 2024 жылдың қазан айында BBC корпорациясы эфирге шығарған бағдарлама туралы болып отыр. Онда Дональд Трамптың сөз сөйлеуі арнайы монтаждалып, көрерменге ол өз жақтастарын АҚШ Конгресінің ғимаратын басып алуға шақырғандай әсер қалдырған. Алайда, шын мәнінде Трамп азаматтық ұстанымды бейбіт жолмен білдіру қажеттігі жөнінде айтқан.

Осы жанжалдың салдарынан BBC-дің бас директоры Тим Дэйви, сондай-ақ корпорацияның жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дебора Тернесс қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Дегенмен, биылғы қараша айында BBC басшылығы американдық көшбасшыдан монтаждалған сөздер үшін кешірім сұрағанымен, өтемақы талаптарын қанағаттандырмай, айыптау негізі жоқ екенін мәлімдеген еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button