ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Тәуелсіздік күніне орай бір реттік ақшалай төлем берілмек

Астанада Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың жекелеген санатына біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл әлеуметтік көмек 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына көрсетіледі, деп жазады qandastar.kz
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген.
Біржолғы ақшалай әлеуметтік төлемді қала әкімдіктері жүргізіп жатыр:
  • Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге;
  • Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге;
  • Ақмола облысы мен бас қалада – 220 мың теңге;
  • Алматы қаласында – 250 мың теңге;
  • Қарағанды облысы – 400 мың теңге.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button