Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыдан Астанаға шыққан Air Astana ұшағында апаттық сигнал жарияланды

Ұшақ салонында түтін шығып, ол шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға 17 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07:38-де болған.

«Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында «Эйр Астана» АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N  EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды.

«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған», — делінген мәлімдемеде.

Алдын ала мәлімет бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ сағат 07:40-та қонды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.

Оқиғаның мән-жайын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button