Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Мұхтар Шахановтың қазақ жастарын қорғаған ерен ерлігін еске алды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады.
«Өткен өмірінде шаруам жоқ. Бірақ бір білерім – желтоқсан оқиғаларына қатысқан қазақ жастарын “зиялы қауым” жоғарыға хат жазып, «алаңда арақ ішті, шетінен нашақор бұзақылар» деп айыптаған кезде жалғыз Мұхтар көкеміз оларды арашалап, түрмеге тоғытуға жол бермеді. Бұл кісіге басымды иемін!», — деді ол Facebook парақшасында.
Бибігүл Дәулетбекқызының айтуынша, Кремльде тұрып қазақ жастарын қорғаған Шахановтың үш минуттық бейнежазбасын алғаш көрген сәтінде ол көз жасын тыя алмаған.



