Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың той үстіндегі биі тағы да қызу талқыға түсіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды, деп жазады qandastar.kz.
Айта кетейік, бұл видео бірнеше ай бұрын көпшілікті қуантқан еді. Желі қолданушылары Қанат Айтбаевтың биін қайта таратып, оған пікірлер жазып жатыр.
Видеода Қанат Айтбаевтың ортаға шығып, еркін әрі әдемі қимылмен би билегенін көруге болады.
Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап,
«Керемет жарасып тұр», «Мына видеоны мен ғана 100 рет қайта көрген жоқпын ба?», «Айтбаевтарға бәрі жарасады», «Қандай мәдениетті, өнерлі, жүзі жылы жандар», — сынды пікірлер қалдырған.
Айта кетейік, тойға жиналған қонақтардың арасында Қанат Айтбаев пен Света Айтбаева, сондай-ақ Нұрлан Өнербаев сияқты өнер жұлдыздары да болған.



