Шоу бизнес

Баян Алагөзованың күйеуі ерекше суреттер жариялап, жұртты қызықтырып қойды

Қазақстандық кәсіпкер Тұрсен Алагөзов әлеуметтік желілерде жұбайы, продюсер әрі актриса Баян Алагөзовамен бірге түскен жаңа фотосуреттерін жариялады деп жазады qandastar.kz. 

Кадрларда ерлі-зайыптылар бір-бірін құшақтап тұрған сәттері бейнеленген. Кейбір суреттерде Баян гүлдердің аясында, ашық түсті көйлекпен жалғыз өзі көрінеді. Жұптың таңдаған образдары желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқылауға себеп болды.

Оқырмандар жаңа постқа белсенді түрде пікір қалдырды:

«Бір-біріңізді керемет толықтырасыздар. Бақытты да ұзақ ғұмыр тілейміз»,

«Қалай осыншалықты сәнді әрі әдемі болып жүресіз?»,

«Бір-біріңізге өте керемет жарасасыздар».

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button