Дартстан әлем чемпионатының алғашқы кезеңіндегі матч күтпеген оқиғамен аяқталды. Жас қарсыласына жол беріп, эмоциясын тежей алмаған тәжірибелі шотландиялық дартсмен Кэмерон Мензис өзіне жарақат салды, деп жазады qandastar.kz сайты Tengri Sport порталына сілтеме жасап.
2026 жылғы PDC дартстан әлем чемпионатының бірінші кезеңі 15 желтоқсанда Лондондағы (Англия) әйгілі Alexandra Palace аренасында өтті. Онда рейтингте 26-орында тұрған 36 жастағы шотландиялық Кэмерон Мензис пен Англиядан келген 20 жастағы дебютант Чарли Мэнби арасында тартысты матч болды.
Instagram әлеуметтік желісіндегі pdceurope парақшасында спортшының жаралану сәті туралы видео жарияланды. Белгілі болғандай, Кэмерон Мензис кездесуді сенімді бастап, алғашқы сетті 3:2 есебімен жеңіп алды. Кейін есепте 2:1 алға шығып, жоғары ұпай жинау арқылы басымдық танытты. Алайда, жас дартсмен Чарли Мэнби берілмеді. Ол төртінші сетте есепті теңестіріп, шешуші бесінші сетте 3:1 есебімен жеңіске жетті. Матч Мэнбидің жетінші матч-дартында аяқталды. Екі тарап та бірнеше мәрте дабл мүмкіндіктерін мүлт жіберген.
Қорытынды есеп: Чарли Мэнби – Кэмерон Мензис 3:2 (сеттер бойынша: 2-3, 3-2, 1-3, 3-2, 3-1).
El mundial de dardos amigos.
Así ha acabado Cameron Menzies, el escocés al perder la 1a ronda del mundial.
Esto sí que no os lo esperáis, es una de las barbaridades más grandes en televisión en el deporte. pic.twitter.com/lVuq34rhyW
— 9ine Darter (@9inedarter) December 15, 2025
Жеңілістен кейін тәжірибелі шотландиялық спортшы эмоциясын ұстай алмай, алдымен пиротехникалық фонтанға қолын тигізіп күйдірмек болған. Одан кейін жанында тұрған сусындар қойылған үстелді бірнеше рет ұрған. Соның салдарынан Мензис қолын жарып алып, қан кеткен.



