Әлеуметтік желілерде мәһрге ерекше сыйлық сұраған мұғалімнің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп жазады qandastar.kz сайты Sn.kz порталына сілтеме жасап.
TikToK әлеуметтік желісінде жарияланған кадрлардан жас жұбайлардың мешітте неке қию рәсімінен өтіп жатқан сәтін көруге болады. Дәстүрге сай имам келіншектен күйеуінен қандай сыйлық қалайтынын сұраған. Көпшілікті таңғалдырған жауапта жас келін алтын әшекей емес, түрлі түсті принтер алып беруін өтінген.
Әдетте мәһр ретінде алтын бұйым сұрау қалыпты саналса, бұл жолы мұғалім мамандығына қажетті дүниені таңдаған. Видео авторы да осы жайтқа назар аударып, «Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ» деген жазба қалдырған.
@arunahon я не пикми, упаси🤣 настрадалась я без принтера, вот и попросила хороший цветной принтер, а сейчас кайфую #рекомендации #махр #имам #ислам ♬ оригинальный звук — arunahon
Қалыптасқан үрдістен өзгеше болған бұл өтініш желі қолданушыларының көңілінен шығып, көпшілігі әзіл мен жылы пікір қалдыруда. Пікір иелері мұғалімдердің қандай жағдайда да жұмысын бірінші орынға қоятынын айтып, өз бастарынан өткен ұқсас оқиғаларымен бөліскен. Кейбірі «неке қиып тұрса да, кәсібін ойлайтын мұғалімдер-ай» десе, енді бірі «мен де тұрмысқа шықсам, дәл осылай сұрар едім» деп жазған.



