ЖаңалықтарСұхбат

«Кеш түсіндім…»: «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев өмірдегі өкінішін айтты (ВИДЕО)

Танымал балуан, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында жастық шағында жіберген олқылықтары мен тәртіпке салғырт қараудың қандай салдарға әкелетінін бүкпесіз жеткізді, деп жазады qandastar.kz сайты Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

Спортшы Laila Sultankyzy YouTube-арнасына берген отбасылық сұхбат барысында уақыттың, жастық шақтың қадірін кеш түсінгенін жасырмады. Ол кезінде спортта уақытылы жаттығуға барып, режиммен жүрмегеніне өкінетінін айтты.

Өмір бойы 18-19 жаста болып тұрмайсың. Бұл уақытша өмір. Қазір спортшылармен сөйлескенде бір нәрсені түсінбейтінін байқаймын. Чемпион болғаннан кейін өмір бойы қошемет көремін, төрде отырамын деп ойлап қалады. Бірақ олай емес екен. Өзім де солай ойладым. Оларды бір жерге жұмсаудың да өз жөні бар. «Бар, алып кел!» десең ешкім айтқаныңды істемейді. «Айналайын, ботақаным, палуан, бізге қарағанда жеңілдеусің ғой, барып келші» десең, алып келеді. Осындай кезеңнен біз де өттік. Біздің өзіміз кеш түсіндік. Әлем чемпионы болатындай мүмкіндік болды. Сол кезде дұрыс жаттығу жасамадым, баратын жерге бармадым, ұйықтап қалдым. Жас кезімде қырсықтау болдым, өзіңе сенімдісің, саған жақын тұрған адам жоқ екенін білесің. Содан кейін жата саласың, бармай қаласың. Таразда мені жаттықтырған Серік ағамның жыны келетін. «Бейбіт, сенің де орныңды басатын біреу келеді» деп айтатын. Ұрайын десе, жігіт болып қалғанбыз. Спортта режимді бұзбаған адам ғана чемпион болады, – дейді Бейбіт Ыстыбаев.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)


Айта кетсек, Бейбіт Ыстыбаев – қазақ күресінің тарихында аты алтын әріппен жазылған балуандардың бірі. Ол қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы (2012, 2015, 2016) атанған. Сондай-ақ, Бейбіт Ыстыбаев аталмыш турнирде 2011 жылы күміс жүлдені қанжығасына байлаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button