Мемлекет басшысы Жапония императоры Нарухитомен кездесті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония императорына ризашылығын білдірді.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді», — делінген мәлімдемеде.
Император Нарухито президенттің сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.



