Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп жазады qandastar.kz.
Желі қолданушыларының бірі Жұлдыздан ер адамды қалай ұстап қалуға болатынын сұрап, оның құпиясына қызығушылық танытқан.
Актриса бұл сұраққа ашық әрі нақты жауап берді.
«Мұндай сұрақты басқа адамға қоясыз-ау. Егер ер адам өз еркімен қасыңызда қалмаса, оны қалай ұстап қаласыз? Ол ит емес қой шынжырлап, сүйекпен алдап отыратын», – деді Жұлдыз Әбдукаримова.




