Көші-қон заңнамасы

Халықтың көші-қоны туралы заң 6

6-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ 34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді: 1) мыналар: экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген; Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер; 2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер; 3) маусымдық шетелдік қызметкерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер; 4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер. Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). Заңдарымен. 35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер: 1) кәмелеттік жаста болуға; 2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 3) алдағы атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі болуға; 4) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға; 5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға; 6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті. Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 36-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге виза беру шарттары 1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша береді. 2. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді. 4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде, ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша бір жылға ұзартады. 5. Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне келу визаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тиісті мемлекеттік органмен жасалған еңбек шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне береді. Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі 1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады. Жұмыс берушілерден шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды берудің және (немесе) ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы үш айдан аспайтын мерзімге алған кезде еңбек шартының қолданылу мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен келе алады. Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиiстi саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен береді. Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары 1. Келуге виза алу үшін бизнес-көшіп келуші: 1) кәмелеттік жаста болуға; 2) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға; 3) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына; 4) соттылығының болуы не болмауы және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынбағаны жөніндегі растаманы ұсынуға міндетті. 5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 2. Бизнес-көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге визаны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері екі жылға дейінгі мерзімге береді. 3. Этникалық қазақтар қатарындағы, оның ішінде келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілердің келуіне виза және уақытша тұруына арналған рұқсат үш жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары 1. Бизнес-көшіп келушілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының аумағында болуының міндетті шарты болып табылады. 2. Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағына келген күнінен бастап екі ай мерзім ішінде: 1) Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдар қатысушыларының (акционерлерінің) құрамына енуге; 2) заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақша сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне енгізуге міндетті. Бизнес-көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттердi орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуіне қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды. Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады. 3. Бизнес-көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жабдықтар әкелуі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады. 4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруына ашық аумақтары бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерін таңдай алады. Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары 1. Маусымдық шетелдік қызметкерлерге келуге визаны шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді. 2. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары береді. 3. Маусымдық шетелдік қызметкерлер: 1) кәмелеттік жаста болуға; 2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 3) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға; 4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті. Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары 1. Маусымдық шетелдік қызметкерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар беретін квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттарда және тәртіппен экономиканың жекелеген салаларындағы жұмысқа тартылады. 2. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті. Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері 1. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер: 1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады; 2) рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін, егер одан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті. 2. Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген маусымдық қызметкерден басқа шетелдік қызметкер: 1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 2) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартқан қызметкер, рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін - жұмысқа орналасуға рұқсат алу туралы өтініш беруге құқылы. Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). РҚАО-ның ескертпесі! 43-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары 1. Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі: 1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы; 2) кәмелеттік жаста болуы; 3) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы; 5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы; 6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы тиіс. 2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады. Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс. Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. РҚАО-ның ескертпесі! 43-2-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі 1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріледі және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс. Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде күнтізбелік отыз күн өткен соң беріледі. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру кезінде еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру жүргізіледі. 2. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат алдыңғы кезеңде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұзартылады. 3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды. 4. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады. 5. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді. 6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді. Ескерту. Заң 43-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары
Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:

1) мыналар:

экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;

2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

3) маусымдық шетелдік қызметкерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.

Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). Заңдарымен.
35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер:

1) кәмелеттік жаста болуға;

2) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) алдағы атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі болуға;

4) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;

5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге виза беру шарттары
1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша береді.

2. Алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.

4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде, ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша бір жылға ұзартады.

5. Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне келу визаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тиісті мемлекеттік органмен жасалған еңбек шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне береді.

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі

1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілерден шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды берудің және (немесе) ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы үш айдан аспайтын мерзімге алған кезде еңбек шартының қолданылу мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен келе алады.

Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиiстi саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері

Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен береді.

Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары
1. Келуге виза алу үшін бизнес-көшіп келуші:

1) кәмелеттік жаста болуға;

2) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

3) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына;

4) соттылығының болуы не болмауы және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынбағаны жөніндегі растаманы ұсынуға міндетті.

5) алып тасталды — ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Бизнес-көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге визаны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері екі жылға дейінгі мерзімге береді.

3. Этникалық қазақтар қатарындағы, оның ішінде келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілердің келуіне виза және уақытша тұруына арналған рұқсат үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары
1. Бизнес-көшіп келушілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының аумағында болуының міндетті шарты болып табылады.

2. Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағына келген күнінен бастап екі ай мерзім ішінде:

1) Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдар қатысушыларының (акционерлерінің) құрамына енуге;

2) заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақша сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне енгізуге міндетті.

Бизнес-көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттердi орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуіне қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды.

Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.

3. Бизнес-көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жабдықтар әкелуі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруына ашық аумақтары бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерін таңдай алады.

Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары
1. Маусымдық шетелдік қызметкерлерге келуге визаны шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.

2. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары береді.

3. Маусымдық шетелдік қызметкерлер:

1) кәмелеттік жаста болуға;

2) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.

Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары
1. Маусымдық шетелдік қызметкерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар беретін квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттарда және тәртіппен экономиканың жекелеген салаларындағы жұмысқа тартылады.

2. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті.

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;

2) рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін, егер одан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.

2. Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген маусымдық қызметкерден басқа шетелдік қызметкер:

1) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартқан қызметкер, рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін — жұмысқа орналасуға рұқсат алу туралы өтініш беруге құқылы.

Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
43-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген — ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары

1. Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:

1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы;

2) кәмелеттік жаста болуы;

3) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы;

5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы;

6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы тиіс.

2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады.

Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды — ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді — ҚР 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
43-2-бапқа өзгеріс енгізу көзделген — ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі

1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріледі және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде күнтізбелік отыз күн өткен соң беріледі.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру кезінде еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру жүргізіледі.

2. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат алдыңғы кезеңде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұзартылады.

3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.

4. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.

5. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.

6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді.

Ескерту. Заң 43-2-баппен толықтырылды — ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close