Түркияның Коджаэли провинциясында зергерлік дүкенге келген әйел бір грамм алтынның бағасын естіген сәтте таң қалып, есінен танып қалған, деп жазады qandastar.kz.
Оқиға Дариджа ауданында орын алған. Ozgur Kocaeli басылымының мәліметінше, бұл жағдай алтын бағасының күрт өсуі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отырғанын тағы бір мәрте көрсетті. Зергерлік дүкендердің бірінде сатушы айтқан бағаны естіген әйел сол жерде талып қалған.
Кейінірек ол болған жайтты әлеуметтік желіде әзіл-қалжыңмен бөлісіп, алтынның бағасын естігеннен кейін өз-өзін ұстай алмағанын жазды. Қазіргі таңда Түркияда бір грамм алтынның құны 5 920 түрік лирасына жеткен, бұл шамамен 72 мың теңгені құрайды.
Желіде жарияланған жазба көп ұзамай кеңінен таралып, қызу пікірталасқа ұласты. Көпшілік алтынның қымбаттауына наразылық білдіріп, мұндай бағаны естігенде адамның есінен тануы да заңды екенін жазды.
«Алтын сатып алу қазір қол жетпес арманға айналды», – деп түйіндеді желі қолданушылары.



