Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин екі қызымен бірге танымал трендті түсіріп, желі қолданушыларын тәнті етті, деп жазады qandastar.kz порталы.
Видеоны әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Онда Нұрболат Абдуллин қыздарына мақалдың басын айтып, соңын жалғастыруды сұрайды.
Тапқыр бүлдіршіндер өз ойларын ерекше жеткізіп, оқырмандарға күлкі сыйлады.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бүлдіршіндердің жауабына таңқалысып жатыр.
«Табиғат молодец сөз тапты», «Сөз тапқанға орын жоқ», «Су жаңа мәтелдер, біздің заманға лайық», «Екінші қыздар сондай пысық болады» — деп жазды тыңдарман қауым.



