Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы айтып, қызу талқыға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Жақында бір әнші бауырымыздың сұхбатын естідім. Сол кезде оның әкесі бір ұлға зар болып, дұға жасаған екен. «Құдайым, маған көзі көрмейтін болса да, бір ұл берші» деп дұға жасап, ұл бала дүниеге келген екен. Қазір сол ер бала әнші болды, алайда көзі көрмей, емделіп жүр екен. Бұл жерде нені ұғамыз? Ата-ананың әрбір дұғасының құдыретін осыдан білсек болады», — дейді ол.
Айтуынша, ата-ананың баласына қарата айтқан сөздерінде үлкен салмақ бар.
Желі қолданушылары оның бұл сөзімен келісіп, қолдау білдіріп жатыр.


