Жаңалықтар

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланған: 5 бала зардап шекті

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында жеке тұрғын үйде газдан улану салдарынан бір отбасының бес баласы мен анасы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, алайда алдын ала деректер газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің болмауы себеп болған деген болжам бар, деп хабарлайды qandastar.kz сайты inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

Зардап шеккендер жалдамалы үйде тұрған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қазіргі жағдайы тұрақты.

Алдын ала мәлімет бойынша, үйде орнатылған газ жабдықтарына қатысты техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісім болмаған.

Әкімдік бұл дерек бойынша тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Аталған дерекке қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады, – дейді әкімдіктегілер.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button