Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде екі адам бір күнде көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, биіктіктен секірген екі адамның бір-бірімен байланысы жоқ. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі jagdaikz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаза болғандардың бірі – жас жігіт, екіншісі – егде жастағы ер адам.
Полиция әзірге ресми ақпарат таратпады.



