ЖаңалықтарМәдениет

«Не мазақ бұл»: Әзілхан Нұршайықовтың немересі атасы жайлы тың дерекпен бөлісемін деп сынға ұшырады

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың немересі Әлия Нұршайықова желіде жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол Threads әлеуметтік желідегі парақшасында қызықты дерекпен бөліскен.

«Көп адам біле бермейді, бірақ Арнұр мен Жаннұр есімдерін менің атам Әзілхан Нұршайықов ойлап тапқан. Алғашқы екі қызы Жанар мен Жаннат болды. Содан кейін ол сөздерді тереңірек зерттей бастады: «ар», «нұр» және «жан» сөздерін біріктіріп, ерекше үйлесімділік тапқанша қайталай берді. Ұлдарының есімдері осылай пайда болды және ол бұл оқиғаны кітабында сипаттады. Осылайша, бұл есімдер бүкіл Қазақстан бойынша танымал болды», — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі қолдап жатса, екіншілері жазбаның орыс тілінде жазылғанына наразылықтарын білдірді.

«Атақты жазушы атамыздың немерелері ана тілімізде де жазса өте әдемі болатын еді», «Әзілхан атаның ұрпағы орысша сөйлесе сын екен», «Жаннат пен Жанар орысқа еш қатысы жоқ есімдер, оны қазақша түсіндіріңдер. Не мазақ бұл? Сіздің атаңыз қазақ жазушысы ретінде танылды емес пе?», — деген пікірлер жазылып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button