Көші-қон заңнамасы

Халықтың көші-қоны туралы заң 7

7-тарау. ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ УӘЖДЕР БОЙЫНША КӨШІП КЕЛУ

44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:

1) волонтерлер – Қазақстан Республикасына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласында өтеусіз негізде қызмет көрсету үшін келетін көшіп келушілер;

2) Қазақстан Республикасына қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде келетін көшіп келушілер жатады.

45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге: 1) босқындар; 2) саяси пана берілген адамдар жатады.

46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары 1. Қазақстан Республикасына гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келуіне визаны Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйым өкілдігінің не ол орналасқан елде осы елдің заңнамасына сәйкес ресми тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қордың) өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері бір жылға дейінгі мерзімге береді.

2. Гуманитарлық уәждер бойынша келген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында келудің мақсаттарында көзделмеген қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары 1. Пана іздеп жүрген адамдардың келу және болу шарттары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға пана беру және оларға босқын мәртебесін беру жөніндегі қатынастар, босқындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасымен реттеледі. 2. Саяси пана берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close