ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасында жарияланған видеожазба желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Аталған видеоға қатысты журналист Оңғар Қабден өз пікірін білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады.
«Мынау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы. Мынандай видеоны министрліктің ресми парақшасына салу үшін не ішу керек? Алмасбек Садырбаевтың түк кінәсі жоқ екен ғой», – деп жазды журналист Facebook парақшасында.
Сонымен қатар Оңғар Қабден бұл әрекеттің халықаралық тәжірибеде кездесетінін де атап өтті. Оның айтуынша, кейбір елдерде қорада әуен қою арқылы сүт өнімділігін арттыру әдісі қолданылады.
«Мұндай тәжірибе әлем бойынша бар екен. Осылай музыка қойса, сиырлар сүтті көп береді екен. Алдағы 1-2 жылда Қайрат пен Төрештердің қорадағы концертін де көріп қалармыз», – деп қалжыңдады ол.



