Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдағы төрт жыл ішінде жарамдылық мерзімі аяқталатын жүргізуші куәліктерін алдын ала ауыстыру қажеттігі туралы ақпарат тарап жатыр, деп жазады qandastar.kz
ҚР ІІМ аталған хабарламаларды жоққа шығарып, оның шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.
Жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру тәртібі өзгерген жоқ. Құжаттар тек олардың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін және белгіленген тәртіп бойынша ғана ауыстырылады. Қосымша талаптар – қайтадан емтихан тапсыру, шектеулер енгізу және тағы басқа – қарастырылмаған, – делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомство азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырады.
Сонымен қатар, министрлік қасақана жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.



