ЖаңалықтарСпорт

150 млн АҚШ доллар: Энтони Джошуа блогер Джейк Полды нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

АҚШ-тың Майами қаласында бокс жанкүйерлері үшін нағыз әсерлі және жұлдызды түн ұйымдастырылды. Басты жекпе-жекте аса ауыр салмақта атақты блогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол мен бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды qandastar.kz сайты zamin.uz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек толығымен Джошуаның басымдығымен өтті. Тәжірибелі британдық боксшы қарсыласын 6-раундта шешуші соққымен нокаутқа түсіріп, сенімді жеңіске жетті. Жекпе-жек 3 минуттық 8 раундтық форматта өтеді деп жоспарланып, Джошуа үшін ең жоғары салмақ шегі 111,1 келі болып белгіленді.

Бұл жеңіс Джошуа үшін психологиялық тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Өйткені, алдыңғы жекпе-жегінде ол Даниэль Дюбуадан 5-раундта нокаутпен ұтылған болатын. Сондықтан Майамидегі жекпе-жек оның рингке сеніммен оралғанын көрсетті.

Экс-әлем чемпионы Энтони Джошуа Джейк Полды жеңгеннен кейін бұрынғы чемпион Тайсон Фьюримен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Энтони Тайсоннан бос сөзді қойып, іске көшуін сұрады.

Егер Тайсон шын мәнінде байсалды болса, онда әлеуметтік желілерді ысырып қойып, қолғаптарын алсын да, кез келген шақыруды қабылдауға дайын тұрған адаммен кездесуге шықсын. Егер сен шынымен «жаман жігіт» болсаң, рингте менімен кездес. Рингте жолығайық та, сөйлесуді жұдырықпен жалғастырайық, – деді Джошуа жекпе-жектен кейін.

Джейк Пол соңғы уақытта жеңіліске ұшырады. Ол осы жылдың маусым айында кіші Хулио Сезар Чавестен жеңіліп, Джошуамен жекпе-жекте күткен нәтижеге жете алмады.

Salaryleaks.com порталына деректеріне сәйкес, Джошуа мен Полға кепілдендірілген 50 миллион доллардан гонорар төленеді. Сонымен қатар, төлемнің қаржылық моделі айтарлықтай ерекшеленеді. Джошуа бекітілген сомаға және көрілімдер үшін бонусқа сенім артады.

Ал Пол болса, MVP промоутерлік компаниясының тең иесі ретінде трансляциялардан үлес алады және коммерциялық табыстарды бөлуге қатысады, оның ішінде Netflix-пен жасалған келісім аясындағы пайдадан да үлес бар. Осының арқасында Полдың жалпы табысы 75-100 миллион долларға дейін жетуі мүмкін, ал Джошуа шамамен 50-60 миллион доллар табады.

Осылайша, Энтони мен Джейктің жекпе-жек үшін жалпы табысы шамамен 150 миллион долларды құрады.

Айта кетсек, бұған дейін Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын 2026 жылы аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Сондықтан оның мансабында әрбір жекпе-жек ерекше маңызға ие.

Майамидегі кеш бокс жанкүйерлерінің жадында Джошуаның рингке сенімді оралуы ретінде қалатыны сөзсіз.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button