Жаңалықтар

Белгілі визажист Әлия Назарбаеның бетін әрлеп, 10 мың доллар алған

Өзін «голливудтық визажист» деп таныстыратын Роберт Минасян Алматыға жасаған сапары жайлы айтып берді. Оның айтуынша, оны Қазақстанның экс-президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева туған күніне макияж жасау үшін шақырған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Минасян арнайы Мәскеуден Алматыға ұшып келген.

Визажист Назарбаева әулетінің үйінде бес күн болғанын айтады. Ол бір ғана макияж үшін 10 мың доллар гонорар алғанын жеткізді.

Сондай-ақ Минасян Алия Назарбаеваның оны алмас бизнесімен айналысатын құрбысымен таныстырғанын айтты. Оның сөзінше, бұл әйел өте қымбат, 50 мың доллар тұратын сөмке ұстаған.

Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

 

Back to top button