Димаш Құдайберген Асанәлі Әшімовтың отбасына қайғырып көңіл айтты, деп жазады qandastar.kz.
Әнші қазақ өнерінің тұтас дәуірі мен тарихын арқалаған алып тұлға өмірден өткенін атап айтты.
«Сіз – қазақ өнерінің ғана емес, тұтас бір ұлт руханиятының темірқазығы болған ұлы тұлға едіңіз. Маған берген ақ баталарыңыз, айтқан әрбір өнегелі сөзіңіз — мен үшін өмірлік бағдар, өнер жолындағы ең қымбат рухани мұра. Сіздің сеніміңіз бен ақыл-кеңесіңіз мені әрдайым биік жауапкершілікке, адалдық пен тазалыққа жетелеп келеді.
Өнерге, адамдыққа, ұлтқа деген сіздің ұстанымыңыз — кейінгі буын үшін өлмес өнеге. Сол өнегені жүрегімде сақтап, әрдайым лайық болуға тырысамын.
Ағамыздың рухы пейіштің төрінде шалқығай! Отбасына, жақындарына жаратушы иеміз сабыр берсін. Қазаның арты қайырлы болғай, ағайын», — деп жазды халық әртісі.



