Жаңалықтар

2026 жылдан бастап жеке куәлік тегін беріледі

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекетті баж салығы алынбайды, деп жазады qandastar.kz сайты ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Polisia.kz медиа-порталының мәліметінше, мұндай өзгерістерге Ішкі істер министрлігі бастамашы болған. Бұл құжаттарды алу процесін жеңілдету және азаматтарға түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында қолға алынған.

Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде тегін беріледі. Сондай-ақ оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлеу қажет емес, – деді Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр маусымда Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәлік беріле бастаған болатын. Жаңартылған құжатта не өзгергенін жазған едік.

Бұдан бөлек, жаңа жеке куәлікті енді толықтай онлайн рәсімдеуге болатыны хабарланған еді, құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button