Шоу бизнес

100 пәтер сыйлаған Баян Алагузованың күйеуі қызметкерлерін тағы да қуантты (ВИДЕО)

Бұған дейін қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған кәсіпкер, танымал продюсер Баян Алагузованың күйеуі Тұрсынғали Алагузов компания қызметкерлеріне арналған жаңа әлеуметтік бастаманы жариялады, деп жазады qandastar.kz. 

Компанияның жаңа жылдық корпоративтік кешінде кәсіпкер 2025 жылдың қорытындысын шығарып, ұжымды алдағы мерекелермен құттықтады. Салтанатты кеш барысында ол қызметкерлердің жасы 65-тен асқан ата-аналарына ай сайынғы зейнетақы төлеу бастамасын жария етті.

Тұрсынғали Алагузовтың айтуынша, әрбір ата-ана компания есебінен ай сайын 50 мың теңге көлемінде төлем алады. Бұл – кәсіпорын үшін құнды мамандарды тәрбиелеп өсірген ата-аналарға көрсетілген алғыс белгісі.

Аталған бастама залда отырғандар тарапынан зор қолдауға ие болып, қошеметке ие болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button