Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «GBG» құрылыс компаниясы жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Құрылыс компаниясы 25 жұмысшысына пәтер сыйлаған.
«Президенттің бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған 2025-те gbg.kz құрылыс компаниясының басшысы 25 қарапайым жұмысшысына пәтер сыйлады. Жыл басынан бері 16 адам алса, бүгінгі жаңа жылдық кеште 9 құрылысшы баспаналы болды. Бәрі де – жылдар бойы құрылыстың қазанында қайнаған, еңбегімен көзге түскен майталмандар», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары ізгі лебіздерін білдіріп жатыр.
Айта кетері, бұған дейін Баян Алагөзованың жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзімен бірге 20 жыл бойы еңбек еткен азаматтарға 100 баспана сыйлаған болатын.



