ЖаңалықтарСаясат

Бұрын президенттікке үміткер болған Қосанов шындықпен бөлісті

Бұрын президенттікке үміткер болған Әміржан Қосанов ішіндегі сырын ақтарды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады. 

Саясаткер Астана-Алматы рейсінде экс-әріптесі Болат Әбіловпен орын алған жағдайды баяндады.

«Ұшақта Болат Әбілов бизнес-класта, ал мен эконом-класта отырдым. Қасынан өтіп бара жатып, оған «Менің анам туралы сөз қозғаушы болма» дедім. Бұған дейін ол бір сұхбатында анам мен маған қатысты ой айтқан, менің «мансаптық арманым» бар деген пікір бөліскен. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, себебі біз анам туралы әңгіме қозғайтын деңгейде жақын қарым-қатынаста болған емеспіз. Әбілов жауап қатпады», — деді ол Facebook парақшасында. 

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button