Threads әлеуметтік желісінде қазақ тіліндегі контенттің артып келе жатқанын желі қолданушысы Жанна Есалы атап өтті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Оның айтуынша, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығы байқалады. Қазақша білмейтін жастар онлайн курстарға жазылып, тілді үйренуге дайын екенін ашық айтып жүр. Сонымен қатар желі қолданушылары кейбір дүкендер мен қызмет көрсету орындарындағы аудармаларды жариялап, сынға алуда.
Жанна Есалы ірі сауда желілеріндегі мемлекеттік тілге деген немқұрайлыққа назар аударады.
«Small» супермаркеті бетімен кетті. «Қуырылған жастар» депті, масқара. Аударма жасай алмаса, кәсіби аудармашыны жалдау қажет», — деді ол парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстанда «Жастар котлеті» деген өнім сатылады. Ол — Алматы қаласында танымал тағам. Әдетте оны жылқы немесе сиыр етінен дайындайды.



