АҚШ президенті Дональд Трамп-тың денсаулығы тағы да қоғам назарында қалды. Әлеуметтік желіде тараған видеода оның ұшақ баспалдағынан баяу әрі сақтықпен түсуі көпшіліктің күмәнін тудырды, деп жазады qandastar.kz.
Daily Beast басылымының жазуынша, видеоны «Американы қайтадан ұлы етейік» қозғалысының белсендісі Пол Виллареал X әлеуметтік желісінде жариялаған. Кадрлардан саясаткердің сенімсіз қозғалысы оның жақтастары арасында да жаңа талқылауларға себеп болғаны байқалады.
Бейнежазбада Трамп траптан түсер алдында оң аяғын қолымен үш рет қағып, содан кейін тұтқадан ұстап, баспалдақпен жайлап әрі асықпай төмен түседі.
Одан кейін АҚШ президенті күзет қызметкерлерімен бірге автокөлікке отырады. Көліктің терезесі арқылы оның қолына сусын құйылған бөтелкені алғанын көруге болады. Кей деректерге сүйенсек, бұл диеталық кола болуы мүмкін.
President Trump exited Air Force One tonight in West Palm Beach. He is headed to Mar-a-Lago.
. pic.twitter.com/Z4vBY8qobw— Paul Villarreal (AKA Vince Manfeld) (@AureliusStoic1) December 20, 2025



