ЖаңалықтарМәдениет

«Төлегенім де, Бекежаным да алыс жолға кетті»: Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовке деген жүрекжарды сөзін айтты (ВИДЕО)

Алматыда қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қоштасу рәсімінде «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек рөлін сомдаған актриса Меруерт Өтекешова сөз алып, аңыз тұлға жайлы жантебірентерлік естелігімен бөлісті.

«Театр үшін үлкен қайғы. Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс жолға кетті. Бірақ біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Ол туралы әлі айтылмаған сөздер көп», — дейді актриса.

Айтуынша, өнер жолын бастаған кезде Асанәлі Әшімов көп көмек көрсеткен.

«Маған Асанәлі ағамыз аға, актер, ұстаз, дос ретінде көп көмек көрсетті. Мен өнер жолын алғаш бастағанда өте жас болдым. Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға бүгіннен бастап алыс жолға кетті. Енді жоғарыда бір-бірімен кездесіп, бізге жұлдыз сияқты қарап, қамқорлығын көрсетеді. Әттең, 1 жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланады. Қалай болса да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды», — дейді Меруерт Өтекешова.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button