Қарағанды облысының тумасы, кәсіпкер әрі саясаткер Болат Әбілов «Қазақмыс» корпорациясындағы акционерлер құрамының өзгеруі туралы жаңалықтан кейін Airan басылымына сұхбат беріп, компания басшылығын сынға алды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Кaraganda_vkurse парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әбіловтың айтуынша, өзі де кезінде шахтада жұмыс істеген, сондықтан тау-кен және мыс өнеркәсібіндегі жағдайды жақсы біледі. Ол бұл салада адамдар тек өндіріс орындарында қаза тауып қана қоймай, ауруға шалдығып, денсаулығынан айырылып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты олар лайықты әрі жоғары жалақы алуы тиіс.
Сондай-ақ Болат Әбілов компания сатылғаннан кейін түскен қаржы Қазақстан халқына тиесілі болуы керек екенін айтты. Әсіресе, соңғы 30 жылда өнеркәсіп алыбы орналасқан Жезқазған мен Балқаш қалаларының дамуына жеткілікті қаржы бөлінбегенін сынға алды. Оның сөзінше, бұл өңірлерде экологияға және тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілген.



