Танымал актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова жөндеу жұмыстары толық аяқталған жаңа баспанасын көпшілікке көрсетті, деп жазады qandastar.kz.
«Үйімнің есігі сіздерге әрдайым ашық. Әзірге толық жайғасып үлгермесек те, төрге шығыңыздар», – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары актрисаның жаңа үйіне тәнті болып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жаудырды.
«Тамаша, құтты болсын!», «Өте әдемі, берекелі де бақытқа толы үй болсын», «Шаңырағыңызға құт-береке орнасын. Өмірде түрлі жағдай болады, оны трагедияға да, комедияға да айналдыратын — әйел. Сондықтан, Жұлдыз ханым, сіз нағыз мықты жансыз, сізге ризамыз», – деп жазды көпшілік.



