Ростислав Коняшкин Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы exclusive.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ростислав Коняшкин 1989 жылғы 4 қыркүйекте Тараз қаласында дүниеге келген. Ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Ол 2024 жылғы сәуір айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметін атқарды. Аталған министрлік 2025 жылдың қыркүйек айына дейін «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деп аталған.
Айта кетейік, екі апта бұрын Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ростиславтың мемлекеттік тілде жасаған баяндамасын жоғары бағалаған болатын.



