Алматылық тұрғын қоғамдық көлікте болған оқиға туралы жазып қана қоймай, видеосын да жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Авторының айтуынша, қоғамдық көлік ішінде жағымсыз иіс пайда болған.
Артынан басқа жолаушылар иіс бір қарияның үстінен шығып тұрғанын айтып, автобус жүргізушісіне оны түсіріп тастауды айтқан.
«Бұл әдеттегі күн еді, 118-ші автобус. Бір кезде автобустан зәрдің қатты иісі шығып кетті. Мен оны сырттан шығып жатыр деп ойлап, байқамадым. Бір кезде басқа жолаушылар иіске және әжеге шағымдана бастады.
Өкінішке қарай, жүргізуші аялдамалардың бірінде әжені түсіруге мәжбүр болды, себебі иіс шыдауға болмайтын еді, басқа жолаушылар оны түсіруді талап етті. Міне, осылай болады», — деп жазды ол.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірінің пікірі жүргізушінің әрекеті дұрыс десе, өзгелері қарсылықтарын білдіріп жатыр.
«Қыс қой, Алладан қорықпадыңыздар ма, обал ғой апаға», «Қартаймайсыңдар ма? Адамгершілік қалмапты осы адамдарда» деп жазып жатыр олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



