Жаңалықтар

Оқушылар теракт туралы жалған хабар таратты: қылмыстық іс қозғалды

Алматыда мектеп оқушылары теракт туралы жалған хабарлама таратып, құқық қорғау органдарының жедел қызметтерін әбігерге салды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында құзырлы органдар бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін және жасөспірімдердің әрекетті әдейі жасағанын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Терроризм актісі немесе жарылғыш зат қою туралы кез келген жалған хабар тарату құқық бұзушылыққа жатады. Оны тексеру үшін жедел қызмет жұмылдырылып, сабақ тоқтайды, – делінген ІІМ хабарламасында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button