Жаңалықтар

Астаналық аспаз есірткіні тағамға арналған дәмдеуіш деп атады

Астанада полиция қызметкерлері аспазды ұстады. Тексеру кезінде одан марихуана, гашиш майы және каннабис шайыры табылды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Тengri.astana парақшасына сілтеме жасап хабарлады. 

Ұсталған адам өзін аспаз деп таныстырып, табылған заттарды «тамаққа арналған дәмдеуіштер» деп атаған. Алайда жүргізілген тексеріс олардың тағам дайындауға еш қатысы жоқ екенін көрсетті.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button