ЖаңалықтарМәдениет

Асанәлі Әшімовтің жаназасына мобилографын ертіп барған Сәкен Майғазиев сынға ұшырады (ВИДЕО)

Әнші Сәкен Майғазиев қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салуға барғаны үшін әлеуметтік желіде сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевті қаралы жиынға мобилограф ертіп барып, түсірілген видеоларды әлеуметтік желіге жүктеді деп айыптаған. Бұл әрекет көпшілік арасында түрлі пікір тудырды.

Алайда, Threads желісіндегі бір қолданушы әншіні ақтап, былай деп жазды:

Сәкен Майғазиевті «жерлеуге мобилографпен келіп, бәрін видеоға түсіріп, желіге салды» деп жамандап жатыр. Меніңше, бұлай даттаудың қажеті жоқ. Оның мәдениеті жоғары адам.

Осы оқиғадан кейін желіде қарама-қайшы пікірлер көбейді. Кейбірі әншіні сынаса, енді бірі оны қорғап шықты.

«Кейінгі кезде Сәкенің өзіне көп алып жүр , көп асаймын деп боқ асамасын», «Сәкен мақтаншақ қой», «Ол да бір тарих қой. Онда тұрған не бар? Әшейін біреудің өлімі емес, тарихи тұлға», «Қаралы күн болса, ол да бір тарих қой. Қайтып қайталанбайтын. Беталды Сәкенді жамандап, қағытып-соғытудың қажеті жоқ. Сәкендей -ақ болып алыңдар!», деді пікір иелері.

Айта кетейік, танымал әнші Асанәлі Әшімовке қатысты жеке парақшасына бес пост жариялаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button