
Белгілі журналист әрі жазушы Қанат Тілеухан желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Тоғыз мыңға жуық оқырманы бар цифрлық контенттің авторы Қанат Тілеухан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 2021 жылы марқұм болған режиссер Болат Атабевтың қарым-қатынас туралы айтқан ой-пікірін жариялады.
Жігіттерге айтарым – қыздар жігітке емес, тұрақтылыққа тұрмысқа шығады. Естеріңдер болсын! Егер жігіт бірде көл, бірде шөл, ырың-жырың болса, кім оған байға тиеді? Кезінде менде сол тұрақтылық болмады. Түнгі көбелек қуып кеттім. Көп қуып жүрдім, – деді Болат Атабаев.
Еске салсақ, қазақстандық белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында дүние салған болатын. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі, республикалық неміс театрының, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының режжисері болды. Жалпы 40-тан астам спектакльді сахналап, қазақ және орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазды.



