Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлерді заңсыз иемдену дерегі бойынша тергеу бастады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрын «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы болған Байжұманов жазасын өтеп шыққаннан кейін жалған құжаттар арқылы жаңа алаяқтық схема ұйымдастырған. Тергеу мәліметінше, ол «өткен күнмен рәсімделген» құжаттарды пайдаланып, 80-нен астам жалған үлескерді жәбірленуші ретінде танытып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған.
Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді иемденіп, сатуды жоспарлаған.



