Көші-қон заңнамасы

Халықтың көші-қоны туралы заң 9

9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАР 50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар Ескерту. 50-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар: РҚАО-ның ескертпесі! 1) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі (63-бапты қараңыз). 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударатындар; 2) өзінің ерік қалауымен өз бетінше қоныс аударушылар болып бөлінеді. Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері 1. Ішкі көшіп-қонушылардың: 1) Қазақстан Республикасының заңында жазылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруға, тұрғылықты жерін еркін таңдауға; 2) тұрғылықты жерінен немесе уақытша болатын (тұратын) жерінен мәжбүрлі түрде қоныс аудартудан қорғалуға; 2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға; 3) жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуге құқығы бар. Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген негіздер бойынша мәжбүрлі түрде қоныс аудартуға жол берілмейді. 2. Ішкі көшіп-қонушылар: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті. Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. РҚАО-ның ескертпесі! 10-тарау 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі (63-бапты қараңыз).

9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАР
50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар
Ескерту. 50-баптың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар:

РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі (63-бапты қараңыз).
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударатындар;

2) өзінің ерік қалауымен өз бетінше қоныс аударушылар болып бөлінеді.

Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Ішкі көшіп-қонушылардың:

1) Қазақстан Республикасының заңында жазылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруға, тұрғылықты жерін еркін таңдауға;

2) тұрғылықты жерінен немесе уақытша болатын (тұратын) жерінен мәжбүрлі түрде қоныс аудартудан қорғалуға;

2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;

3) жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуге құқығы бар.

Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген негіздер бойынша мәжбүрлі түрде қоныс аудартуға жол берілмейді.

2. Ішкі көшіп-қонушылар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті.

Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
10-тарау 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі (63-бапты қараңыз).

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close