ЖаңалықтарШоу бизнес

«Қарақаттың жанайқайын естіді-ау үкімет»: Орден алған Қыдырәлі Болмановты әуежайда көпшілік дүркіретіп қарсы алды

Күні кеше Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденімен марапатталған танымал әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановты қолдаушылары әнмен, жырмен қарсы алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Болмановтың жұбайы, әнші Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында кездесу сәтімен бөлісті.

«Біз – қазақпыз, ар-намысын сақтаған,

Біз қаззақпыз, ата үмітін ақтаған.

Біз – қазақпыз, ер есімін жар салып,

Біз – қазақпыз, «батырым» деп мақтаған…

Сағат таңғы 4.30

«Намыс» ордені иегері kydyrali_bolman , батырымды әуежайдан әуелетіп қарсы алдық. Абыройыңыз асқақ, дәрежеңіз биік, алтын басыңыз аман болсын, Қыдекем! Құттықтаймыз!

Жалындаған «Жалын» тобы, алтын бауырларыма, жанашыр командамыздың қыз-жігіттеріне мың алғыс!

Құдай көңілдеріңді көтеріп қойсын!

Қасиетті Рағайып түні, күндердің сұлтаны жұманың таңында , барша тілеулес жандардың қол жайып сұраған дұға- тілектері қабыл болғай!Бақытты сәттер өмірімізде көп болсыншы», — деп жазды әнші.

Оқырмандары да әншіге қолдау білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button