Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні Өскемен қаласында болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы жергілікті YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғындары Қазыбек би даңғылында жерде жатқан ер адамды көрген.
Жақын маңда полиция көлігі мен жедел жәрдем көлігі тұрған.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты.
«Suzuki көлігінің 67 жастағы жүргізушісі кенеттен өзін жайсыз сезінген. Қасындағы жолаушы жедел жәрдем шақырды. Алайда жүргізуші ол келгенге дейін қайтыс болды», — дейді департаменттегілер.



