Қазақстандық кәсіпкер, танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов, Instagram желісінде жаңа видео жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады qandastar.kz.
Кадрларда Алагузов сенімді қадаммен, Peaky Blinders телехикаясынан танымал образда көрінді.
Ол: ұзын пальто, көзге дейін түсірілген кепка және ерекше аяқ киім.
Бейнежазбаға «Бұл тек бастамасы ғана!» деген қысқа да әсерлі жазба қалдырылған.
Желі қолданушылары кәсіпкердің жаңа бейнесін жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
«Вай, Тұрсын аға күн сайын құлпырып келеді», – десе, енді бірі:
«Көрікті азамат. Берген садақаларыңыз қабыл болып, Баян Алагузова ханыммен бақытты болыңыз!» – деп жазған.
«Нағыз ер азамат», «Қазақстанның азаматы – мықты, ақылды, бақытты», «Стилі – от!» деген пікірлер де жиі кездеседі.



