Қазақстан күрес федерациясының басшылығы грек-рим күресінің саңлағы Айдос Сұлтанғалиға аумағы 100 шаршы метрді құрайтын пәтердің кілтін табыстады, деп жазады qandastar.kz
Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресінен биылғы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Пәтер кілтін алуға Қызылордадан Айдостың анасы мен жұбайы да ұшып келді. Спортшы Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметіне пәтерді анасына сыйлайтынын хабарлаған.
ҚР Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізген еді.
Конкурстық комиссияның шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша грек-рим күресінен биылғы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Айдос Сұлтанғали үздік деп танылды.
Айта кетсек, Астанада өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының қорытынды жиынында балуанға үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



