ЖаңалықтарМәдениет

«Жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймын»: Мөлдір Мұқан Қарақат Әбілдинаға сырын айтты (ВИДЕО)

Продюсер Мөлдір Мұқан қазақ эстрада және дәстүрлі әншісі Қарақат Әбілдинаға алғысын айтып, оның әншілікке бет бұруына себепкер болғанын хабарлады, деп жазады qandastar.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Мөлдір Мұқан Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео жариялады.

Халықпен бірге мені әлпештеп жүрген алыбым – қазақтың аймаңдайлысы Қарақат Әбілдина. Өнерге деген махаббатымды сезіп, әндеріме баға беріп, ән орындауыма бата беріп, мені бүгін тағы да шабыттандырып қойды. Мен қандай бақытты жан едім, достар. Қақатымнан осындай баға алғанда жүрегім жарылардай қуандым, шаттандым. Қыдырәлі ағам екеуіңіздің жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймын. Сіздерге қарап бой түзеп, алға қарай жүре беремін. Сіздердей жандар барда қазақтың өнері шарықтай береді, ал сіздер бізге шабыт бере беріңіздер. Құрметті жанның мен үшін қадірлі пікірін парақшамда сақтаймын, – деп жазды Мөлдір Мұқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button